• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Кино Бүгін, 17:50

The Golden Empire телехикаясының соңғы түсірілім кезеңі басталды

10 рет
көрсетілді

The Golden Empire телехикаясының түсірілім тобы өндірістің шешуші кезеңіне кірісті. Бұл кезеңде туындының мазмұнын тереңдетіп, финалға айрықша мағына беретін маңызды көріністерге баса назар аударылып отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға желісін тұтастандырып, дұрыс интонация қалыптастырып, көрерменнің қызығушылығын соңына дейін сақтауғабағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Сериалдың көркем және мазмұндық ырғағын шебер үйлестіретін түсірілімдер Жетісу облысының сұлу табиғаты аясында жалғасуда. Мұндатүсірілім тобы кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы, ішкіқайшылықтары мен өмірлік ұстанымдарын бейнелейтін сәттердітүсірумен айналысуда.

Түсірілім күндерінің бірі — Дешті-Қыпшақ даласына арналады, мұнда ру мүдделері, билік үшін күрес және жеке таңдаулар сынды тақырыптар өзара тоғысады. Сол эпизодтардың ішіндегі ең маңыздысы — басты кейіпкердің ішкі шешімге келіп, өзі сенетін тәртіп пен құндылықтаржолын анықтайтын сәттің түсірілімі.

«Көрерменді өзі өмір сүрмеген дәуірдің салт-дәстүріне терең бойлату — шығармашылық үшін үлкен сынақ. Бұл көріністер экшнге емес, таңдау сәтіне негізделген. Ол кейде сөз арқылы көрініс тапса, кейде кадр сыртында қалады», — деді режиссер Эмре Сахин.

9 мамыр күні Жетісу облысындағы түсірілім алаңына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин келді. Сапар барысында ол шығармашылық топпен финалдық кезеңнің ерекшеліктерін, соңғы көріністердің мазмұндық тұстарын және постпродакшн кезеңіне қатысты мәселелерді талқылады. Режиссер ЭмреСахин аталған күні түсірілген эпизодтардан аса дәлдік, ұстамдылық және ішкі драмалық шиеленісті жеткізуде жоғары кәсіби шеберлік талап етілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тұрғыда қазақстандық актерлер сол дәуірдің рухы мен драмалық құрылымын терең түсініп, сенімді түрде бейнелей білетінімен ерекшеленеді.

The Golden Empire телехикаясының өндірісі барысында түсірілімтобы Қазақстанның сегіз ерекше локациясында жұмыс істеп, жобаға шынайылық пен көркемдік тереңдік қосты. Атап айтқанда, түсірілімдер«Қазақфильм» киностудиясы, Суықтөбе, Ескелді би ауылы, Бұтақ және Кімасар шатқалдары, қасиетті Тамғалы тас пен ерекше атмосфераға ие Көшпенділер қалашығы сияқты орындарда өткізілді.

Жоба Netflix үшін түсірілген көркем және деректі сериалдарымен танымал халықаралық Karga Seven Pictures кинокомпаниясымен жүзеге асырылуда. Түсірілімдер «Дара» Президенттік бастамалар қорыныңқолдауымен жүргізілуде.