• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:15

Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

20 рет
көрсетілді

2025 жылғы 12–15 мамыр аралығында Шарапат Бейсекова көшесінен Күләш Байсейітова көшесіне дейінгі аралықта орналасқан Фах бен Абдул Азиз және Сабыр Қожаметов көшелерінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған жол бөліктерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарманың мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде қозғалыс екі бағытта бір жақты жолмен кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Яғни көлік құралдарына балама бағыттармен қозғалуға тура келеді.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, жолдағы уақытша шектеулерді ескеру қажеттігі ескертілді. Қауіпсіздік мақсатында жөндеу аймақтарында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», делінген хабарламада.

Қала әкімдігі жолда қолайсыздықтар туындауы мүмкін екенін мойындай отырып, тұрғындардан түсіністік танытуды және қозғалыс жоспарларын соған сай бейімдеуді сұрайды.