• RUB:
    6.33
  • USD:
    513.74
  • EUR:
    569.17
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:30

Бішкектегі мектептердің біріне Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің есімі берілді

20 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің әкесі,  жазушы Кемел Тоқаевтың есімін Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясы иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бастама Садыр Жапаровқа тиесілі.

«Садыр Жапаров бұл шешім туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары барысында хабарлаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кемел Тоқаев қазіргі №33 мектепте орналасқан Фрунзе әскер училищесінде оқыған. Дәл осы жерден ол майданға аттанған», деп жазады Kaktus.media басылымы.

2025 жылғы 9 мамырда Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапат парағын берген. Құжат Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен алынған.

Ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ Кемел Тоқаевқа берілмеген.

Айта кетейік, Кемел Тоқаев Польша жеріндегі шайқастарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.