Астанада бүгін басталған пара дзюдодан әлем чемпионатында 40 елден келген 350-ден астам үздік балуан 10 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
1/8 финалда Германия өкілі Рамона Бруссигті ұтқан Даяна Федосова (J2 санаты бойынша 60 келі) байрақты бәсекенің 1/4 финалында Түркия спортшысы Донду Есілюртке еш мүмкіндік қалдырмады. Сөйтіп, жартылай финалға шықты.
Айта кетелік, 2001 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген Даяна Федосова 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Жарыстың өтуіне Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) қолдау білдірген. Тағы бір айта кететін жайт, турнирде 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.