Елордада 10 мамырда басталған «COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025» ірі халықаралық турнирі 18 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің ұйымдастырушысы — PGL Esports, әлемдегі тәуелсіз киберспорт ұйымы. Жүлде қоры – 1 250 000 АҚШ доллары.
Турнирге АҚШ, Германия, Сербия, Бразилия, Украина, Моңғолия, Ресей және басқа да елдерден келген 16 команда қатысуда. Командалар құрамында Қазақстаннан 5 өкіл бар: ойыншылар К.Файзнуров (лақап аты - ICY), А.Қайыржан (kade0), С.Оразалы (dukefissura), Д.Голубенко (molodoy), сондай-ақ жаттықтырушы Р.Телепов (mou).
Турнир екі кезеңнен тұрады:
1. Топтық кезең (Elimination Stage)
Өтетін орны – Астана қаласындағы жабық ойын алаңдары. Форматы – швейцариялық жүйе (Swiss). Барлық матчтар Best of 3 форматында өтеді. 3 жеңіске жеткен командалар келесі кезеңге өтеді, ал 3 рет жеңілгендер жарыстан шығады. Барлық матчтар онлайн трансляция арқылы көрсетіледі: https://www.youtube.com/watch?v=q6cCuly0mVI
2. Плей-офф кезеңі (Champions Stage)
Өтетін уақыты – 16-18 мамыр, орны – Астанадағы «Барыс Арена». Бұл кезеңге топтық іріктеу нәтижесінде үздік шыққан 8 команда қатысады. Формат – жұптық жою жүйесі (single elimination). Барлық матчтар Best of 3 форматында өтеді.
Финалдық кездесу де Best of 3 форматында ойналады. Жеңімпаз команда PGL Major Astana 2025 турнирінің чемпионы атанып, бас жүлдені иеленеді.
Қазақстан Киберспорт федерациясы бұл турнирдің елімізде өтуі Қазақстанның жаһандық киберспорт аренасындағы орнын нығайтып, отандық киберспорттың дамуына серпін беретін маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға, инфрақұрылымды жақсартуға және жергілікті ойыншылар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуға ықпал етеді деп санайды.