• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:20

Биыл тоғыз «Жайлы мектеп» ашылады

20 рет
көрсетілді

Маңғыстауда 2025 жылы тоғыз «Жайлы мектеп» пайдалануға беріледі, бұл оқушы саны артып, мектепке сыйымдылық мәселесі туындаған аймақ үшін үлкен жаңалық. Өткен жылы, яғни 2024 жылдың желтоқсан айында 4 500 орындық 4 мектеп пайдалануға берілген еді. Ал жаңа оқу жылында іске қосылатын «жайлы мектептер» 8 100 оқушыға құшағын айқара ашатын болады.

Нақтырақ айтсақ, атал­ған тоғыз  «Жай­лы мек­теп­тің» үшеуі – Ақ­тау қаласында, біреуі – Жаңаөзен қаласында, екеуі – Бейнеу ауданында, екеуі – Мұнайлы ауданында, біреуі Маңғыстау ауданында ашылады.

– Бүгінде облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8 100 оқушы орнына арналған тоғыз жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл тоғыз мектеп жаңа оқу жылында іске қосылады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыс бойынша 21 мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмысты 2025–2027 жылдар аралығында толық аяқтау көзделіп отыр,  дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшы­сының орынбасары Гүл­бану Қызылғұлова.

Сондай-ақ басқарма басшысы орынбасарының ай­туын­ша, өңірде жыл басынан бері үш балабақша ашылған.

– Мектепке дейінгі тәр­бие мен оқыту саласында 2025 жылы 17 жаңадан бала­бақша ашылып, 4 410 орынға дейін қамту мүмкіндігі қарас­тырылған. Сонымен қа­тар мемлекет-жекешелік әріп­тестік арқылы Ақтау қала­сын­дағы 18 және 34-шағын аудан­дары мен Мұнайлы ауданында үш мектепке дейінгі ұйым құрылысын жүргізу жөнінде жеке инвесторлардан ұсыныс түсті, дейді ол.

Құзырлы орындардың берген мәліметіне сенсек, жаңа оқу жылында сегіз мыңнан астам оқушы кең де таза, биік те жарық су жаңа заманау­и мектептің табалдырығын аттай­ды.

 

Маңғыстау облысы