Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір аудандарының бірінде заңсыз алтын өндіру фактісін анықтап, құқық бұзушылық орнында 6 адамды ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Осындай заңсыз әрекеттер – экономикаға ғана емес, өңірдің экологиялық жүйесіне де елеулі зиян келтіретінін айта кеткен жөн.
Жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараты арқылы заңсыз жер жұмыстары жүргізілген аумақтың нақты орнын анықтаса, тергеу әрекеттері барысында 1 экскаватор, 3 металл іздегіш құрылғы, 2 автокөлік және топырақ үлгілері алынған.
Polisia.kz хабарлауынша, факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жерасты ресурстарына келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.