• RUB:
    6.39
  • USD:
    512.16
  • EUR:
    580.94
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Шетелдіктің көлігін заңсыз иемденген алаяқтар ұсталды

30 рет
көрсетілді

Жетісу облысының 33 және 34 жастағы тұрғындары Қытай азаматына тиесілі көлікті Грузияға жеткізіп береміз деген сылтаумен иемденіп, сатып жіберген, деп жазады Egemen.kz.

Олар жалпы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. 

Алаяқтардың алғашқы құрбаны – Қытай азаматы болған. Олар бұл азаматқа автокөліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде беріп, нәтижесінде алты көлігін алып кеткен. Кейіннен Jetour (үш автокөлік), Mercedes C260, Mercedes C260L және Mercedes GLC 260L көліктерін Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіп, таныстарына сатқан.

Қылмыстық топ құрығына келесі ретте жеке кәсіпкерлерді түсірген. Бұл жолы олар жеті көлікті Беларусь еліне жеткізіп беруге уәде еткен. Бес көлік Жамбыл облысына жеткізіліп, алаяқтардың ортақ танысына сатылса, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда арзан бағамен өткізілген.Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданып, күдіктілер қамауға алынған.