Синтетикалық есірткіні таратып жүрген 37 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, синтетикалық есірткіні таратқан тұрғын – Индер ауданының тумасы.
«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, Атырау қаласының аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан 37 жастағы тұрғынды ұстады. Күдіктіні тінту кезінде, кейін оның көрсетуімен 100 дана оралған ақ түсті ұнтақ тәріздес заттар тәркіленді. Тәркіленген заттардың салмағы 1 келіден асатын синтетикалық есірткі екені анықталлы», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Атырау облысы