• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Татами шеберлері сынға түсті

80 рет
көрсетілді

Өткен апта соңында Орал қаласында алғашрет танымал балуан, самбо күрес түрі бойынша әлем чемпионы (1989), әлем кубогының жеңімпазы (1988), еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдо күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Дүбірлі додаға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының спортшыларымен қатар, Ресей Федерациясынан келген 300-ге жуық татами шеберлері қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып,спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар көрермен қауым мен турнир қонақтары балуан Асқар Шайхиев хақында дайындалған қысқаша бейнеролик тамашалады.

Одан кейін жарыстың құрметті қонақтары республикалық дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев, әлем чемпионы Максим Раков, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев қатарлы меймандар лебіздерін білдірді.

Екі күнгі (24-25 мамыр) жарыс қортындысына тоқталсақ (ерлер арасында): Зейнолла Нұрқан (60 кило), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кило), Сенім Сейітқалиев (73 кило), Ансарбек Гайнуллин (81 кило), Данил Крылов (90 кило), Нұрымжан Ғаббасов (100 кило) топ жарса, әйелдердер сынға түскен екі салмақтың бірі 52 килода Фатима Сұпығалиева және 78 килодан жоғары салмақта Әсен Қазиева жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, турнир тарихында тұңғыш рет автокөлік бәйгеге тігіліп, оны ақтөбелік балуан қарындасымыз Гүлнұр Бақанова жеңіп алды. Сыйлықты өңір басшысы Нариман Төреғалиев өз қолымен салтанатты түрде табыс етті.