Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісі 2024 жылғы 4 маусым күні, Астана уақытымен 08:06-да тіркелген. Эпицентрі Қазақстан аумағында, Жетісу облысында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің сезілуі туралы мәлімет жоқ.