• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Әскер 04 Маусым, 2025

Жауынгерлер халықаралық жарысқа қатысады

60 рет
көрсетілді

Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлері Иорданияда өтетін халықаралық 14-ші Warrior Competition 2025 сайысына қатысу үшін дайындықтың соңғы кезеңіне өтті, деп жазады Egemen.kz.

Жыл сайынғы жарыстар Иорданияда Король Абдалла атындағы Арнайы операциялар күштерін даярлайтын орталықтың полигонында өтеді. Биыл сайысқа әлемнің 40-қа жуық елінен мықты деген элиталық бөлімшелер қатысады.

Әскери қызметшілер ұрыс жүргізу тактикасын, шабуылдау іс-қимылдарын, атуды, эвакуация элементтерін және топ құрамындағы өзара іс-қимылды пысықтайды. Дайындық таулы жерлерде, ыстық ауа райында және шектеулі ресурстар жағдайында жүзеге асырылады.

Дайындықта әскери қызметшілердің физикалық төзімділігі мен психологиялық тұрақтылығы, сондай-ақ жедел шешім қабылдау қабілеті басты назарға алынады. Сайыстың басты ерекшелігі - қатысушылардың тек жеке шеберлігі ғана емес, топ құрамындағы үйлесімді жұмыс істеу қабілеті де сынға түседі.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті

Соңғы жаңалықтар