• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2025

Жыл басынан бері елімізге қанша мигрант келді

70 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға 4923 адам келген, ал 1122 адам елден кеткен, деп хабарлайды  Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Миграциялық сальдо +3801 адамды құрап отыр – бұл Қазақстанда өмір сүруді таңдаушылардың саны елден көшіп жатқандардан әлдеқайда көп екенін білдіреді.

Келген мигранттардың көпшілігі – ТМД елдерінен, олардың үлесі 84,1%-ды құрайды. Ең көп келгендер – Өзбекстаннан (2614 адам) және Ресейден (982 адам).Тағы 783 адам басқа елдерден келген – олардың ішінде ең көбі Қытайдан (427 адам), Моңғолиядан (129 адам) және Түркиядан (57 адам).

Жаңа қоныстанушылар үшін ең тартымды өңірлер – Алматы облысы (1649 адам), Маңғыстау облысы (764 адам) және Алматы қаласы (687 адам) болды.

Келгендердің басым бөлігі (61,7%) – 20 мен 44 жас аралығындағы азаматтар.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті

Соңғы жаңалықтар