• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Ауыл 04 Маусым, 2025

«Ауыл - ел бесігі»: Павлодарда 119 ауыл жаңғыртылды

60 рет
көрсетілді

Биыл Ертіс-Баян өңіріндегі 22 ауылдық елді мекенді дамытуға 9,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру басталғаннан бері облыста барлығы 119 ауыл жаңғыртылып, өңірдің 164 мыңнан астам тұрғыны үшін өмір сүру сапасы артқан.

- 2025 жылы 22 ауылдық елді мекенді жаңғыртуға 9,7 млрд теңге бөлінді. 45 жоба іске асырылуда, оның ішінде алты дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, екі бассейн, екі мәдениет нысанын салу, сондай-ақ үш ауылда көше жарығын орнату бар. 14 әлеуметтік нысанды күрделі жөндеу, 48 шақырым жолды жаңарту жоспарланған. 2026 жылға арналған жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді аяқтау және инфрақұрылымдық өзгерістерге мұқтаж қалған елді мекендерді қамту бойынша жұмыстар жанданып жатыр,-деп хабарлады өңір әкімдігінен.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар