• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Кеше

«Жасыл ел» жасақтары экологиялық челлендж бастады

50 рет
көрсетілді

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, елімізде «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен экологиялық челлендж бастау алды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аударып, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Челлендждің мақсаты:

Табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыру Экологиялық мәдениетті насихаттау және оны жастар арасында кеңінен тарату Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі пайдалы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы бөлісу

Челлендж аясында, қатысушылар ағаш отырғызу, қоқыс жинау, қалдықтарды сұрыптау сияқты пайдалы істерге белсене қатысты.Сонымен қатар, жастар өз тәжірибелерін бейнероликтер, TikTok видеолар және фото-есептер түрінде бөлісіп жатыр.

Экологиялық челлендж жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, қоғамда жауапкершілік пен белсенді экологиялық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар