• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 13:00

Цифрлық бақылау бюджеттің ашықтығын жаңа деңгейге көтерді

20 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет шығыстарын цифрлық бақылау арқылы аудит сапасын арттырып, қаржылық тәртіпті күшейтті деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн бюджет мониторингі (ОБМ) модулін қолдану аясын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде қаржы қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Негізгі артықшылықтары:

Есеп және төлем процестерін автоматтандыру Заңбұзушылықтарды жедел анықтау Бюджеттің ашықтығы мен тиімділігін арттыру

ОБМ жүйесі әлеуметтік сала ұйымдарындағы жалақы төлемдерін қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде мониторинг тек білім беру саласын ғана емес, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамтиды. Күн сайын 6 мыңға жуық мемлекеттік мекеменің 140 миллион теңгеден астам транзакциясы талданады.Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел әрекет ету арқылы 664 миллион теңгеден астам қаражатты талан-таражға салудың алдын алуға мүмкіндік туды.

«Онлайн бюджет мониторингі» модулі үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және аудиторлар тарапынан хабарламаларды дайындау уақытын айтарлықтай қысқартты. Бұл өз кезегінде бақылау шараларының жеделдігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен «Электрондық қаржы орталығы» АҚ бірлесіп, мобильді қосымшалар арқылы заңсыз алынған бюджет қаражатын қайтару бойынша жаңа функционал әзірлеуде. Бұл цифрлық шешім алдын алу шаралары шеңберінде ерікті түрде қайтару рәсімін едәуір жеңілдетеді.

«Қаржы министрлігі өз процестерін цифрландыруға белсенді түрде ұмтылып отыр. Заманауи технологияларды енгізу бюджет қаражатын басқарудағы ашықтықты, жеделдікті және тиімділікті арттыруға бағытталған. «Онлайн бюджет мониторингі» модулі сияқты цифрлық құралдарды пайдалану адами факторды азайтып, күнделікті операцияларды автоматтандыруға және бақылау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қаражаттың тиімді және жауапты жұмсалуына септігін тигізеді»,  деп атап өтті ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті