• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:24

Қазақстан - Болгария арасында 5 меморандумға қол қойылды

10 рет
көрсетілді

Алдымен екі ел Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

 2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.