• RUB:
    6.44
  • USD:
    507.8
  • EUR:
    580.82
Басты сайтқа өту
Балалар 10 Маусым, 2025

Бірнеше бағытты қамтиды

70 рет
көрсетілді

Үш айға созылатын каникул күндерін қызықты да мазмұнды өткізу үшін облыстық білім басқармасы он мемлекеттік мекемемен бірлесе іс-шаралар жоспарын құрды. Бірнеше бағытты қамтитын демалыс жоспарына қасиетті орындар мен көрікті жерлерге саяхат, әскери-патриоттық тәрбие, еңбек жасағы да кіреді. Оған өңірдегі 1-10 сынып аралығындағы 175 мың оқушының басым бөлігі қамтылады деп жоспарланды. Биыл оқушылардың демалысына жергілікті бюджеттен 228,1 млн теңге бөлінді.

Көпшілік ата-ана балаларына табиғат аясындағы демалыс орындарын қалайды. Бұл бағытта Ақтөбе қаласының сыртында орналасқан жеті лагерьдің есігі тамыз айының соңына дейін ашық тұрады. Қала сыртындағы лагерьлердегі орташа жолдама құны 80-100 мың теңгеге тең. Осы жағынан қаладағы кей өндіріс орындарының бас­тауыш кәсіподақ ұйымдары қызметкерлерінің балаларына жолдама сатып алуды дәстүрге айналдырған.

 Биылғы жазда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры квотасымен Ақтөбе облысы­ның 285 оқушысы еліміздің көрік­ті жерлеріндегі демалыс орындарына саяхаттайды. Олар­дың арасында республика­лық олимпиада жеңімпаздары, көп­ба­лалы отбасылардың балалары бар. Еңбекке араласуды ұнататын жеткіншектер «Жа­сыл ел» жасағы мен «Спарта» шаруа қожалығының қар­быз, құлпынай алқаптарында жұ­мыс істеп, қаражат табуына мүм­­кіндік жасалынды. Жазғы ең­бек жасағына тартылатын 716 оқушының басым көпші­лігі Ойыл, Қобда ауданының балалары.

 

Ақтөбе облысы