• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Көлік министрлігі «Орталық– Батыс» жобасын іске асырады

20 рет
көрсетілді

«Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында ҚР Көлік министрлігі мен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға   қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған құжат бойынша Астананы елдің батыс өңірлерімен жалғайтын стратегиялық маңызы бар «Орталық– Батыс» жобасын бірлесе іске асыру көзделген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Орталық-Батыс» жобасы – Қазақстанның көлік саласындағы басты бастамаларының бірі, жоба – өңірлер арасындағы байланысты күшейтіп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға бағытталған.Бұған дейін тараптар мамыр айында Қытайда келіссөз өткізіп, ынтымақтастық пен жобаны бірлесе іске асыру шарттарын талқылады.