• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 13:30

Қазақстан құрамасы садақ атудан қола жүлдегер атанды

20 рет
көрсетілді

Сингапурда садақ атудан Азия кубогі кезеңі жалғасып жатыр, әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін сайыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бангладеш командасымен кездескен Қазақстан құрамасы 230:224 көрсеткішімен жеңіске жетті. Команданың намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.

Алтын жүлде үшін Үндістан мен Малайзия командалары кездеседі.

Айта кетелік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістанға небәрі бір ұпай айырмасымен (229:230) жол берген еді.