• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 13:00

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Садықовты Қорғаныс министрінің орынбасары, Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Осы тағайындауға дейін Қайрат Садықов Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас қолбасшы штабының бастығы қызметін атқарды.

Еске салайық, 8 маусымда ел президентінің жарлығымен Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Қорғаныс басқармасының жаңа басшысы болып Дәурен Қосанов тағайындалған еді.