• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 14:37

Ақмола облысында жер телімі мемлекетке қайтарылды

10 рет
көрсетілді

Ақмола облысы, Бурабай аудандық прокуратурасы құқықтық актілерді бағалау барысында жер заңнамасының бұзылғанын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жер ресурстарын басқару бөлімі коммерциялық орман өсіру үшін жеке тұлғаға 36 гектар жер телімін  заңсыз берген. Аталған жер телімі халықтың демалысы мен сауықтыруына арналған рекреациялық аймаққа тиесілі болған.

Қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгінді. Онда мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен жасалған келісім жарамсыз деп танылып, кадастрлық құны 567 миллион теңге тұратын жер телімі рекреациялық мақсаттағы жерлер құрамына қайтарылды.

Қабылданған қадағалау шаралары нәтижесінде аудан орталығы Щучинск қаласында рекреациялық аймаққа тиесілі жерлердің құқықтық режимі қалпына келтірілді. Жер телімінің рекреациялық қорға қайтарылуы аумақтың экологиялық теңгерімін сақтауға және оның мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Ақмола облысы