• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 15:10

37 млрд теңгеден астам қаржы иелерін күтіп жатыр

20 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың маусымындағы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 37,3 млрд теңгені құрады. Қаражат 264 695 жеке зейнетақы шотында сақталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа жақындаған не толған алушыларға да, Қорда зейнетақы жинағы бар, бірақ зейнет жасына жетпей марқұм болған салымшылардың/алушылардың мұрагерлеріне де зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін уақтылы жүгіну қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады. Жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады. Яғни зейнетақы төлемін мемлекеттік бюджеттен алатын зейнеткерлердің жинақтары бар болса, БЖЗҚ-дан төлемдер ала бастайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, әртүрлі себептермен зейнетақы қаражатын алмағандардың арасында үш негізгі санат бар. БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтерге сәйкес 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлері талап ете алады. 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен. 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген.

БЖЗҚ жинақтардың есебін жүргізеді, инвестициялануын жалғастырады және салымшылардың жинақтаушы зейнетақы шотында алушылар не олардың мұрагерлері талап еткенге дейін сақталады. Олар қаражатты нотариусқа жүгіну және мұрагерлік құқығы туралы куәлік беру арқылы ала алады. Елімізден тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қорда зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады. Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.