• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:00

Атырау – Дубай бағыты бойынша рейс уақытша тоқтатылады

30 рет
көрсетілді

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Дубайға бағытталған рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

28 маусымнан бастап Атыраудан Дубайға қатынайтын әуе рейсі ұшу уақытының ұзаруына байланысты уақытша тоқтатылады. Ал Астана мен Алматыдан Дубайға ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып өтетін бағыт арқылы орындала береді.

Компанияның мәліметінше, уақытша тоқтатылған рейстерге билет алған жолаушыларға Атыраудан басқа бағыттарға немесе Астана мен Алматыдан Дубайға тегін қайта брондау, сондай-ақ әуе билеттерінің толық ақшасын қайтарып алу ұсынылады.

Айта кетейік, 13 маусымда Қазақстан билігі Таяу Шығыс маңындағы алты елдің әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салған болатын. Дегенмен, 16 маусымда Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл ескертулерге қарамастан, туристермен толтырылған ұшақтардың Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып жатқанын мәлімдеді.

19 маусымда Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Астана – Абу-Даби бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 13 маусымға қараған түні Израильдің Иран аумағындағы нысандарға соққы беруі Таяу Шығыстағы ахуалдың күрт шиеленісуіне себеп болды.