«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 21-23 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райына циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
«Республика аумағының батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жауын болып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауылдар болады», делінген хабарламада.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Күндіз термометр бағаны:
батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде +18…+30°С,
орталықта +20…+33°С көрсетеді.
шығыстағы кей аудандарда күн қатты ысып, +35°С-қа дейін жетуі мүмкін.
Ал тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауаның қатты ысуы (+35…+40°С) болжанып отыр, жауын-шашын болмауы ықтимал.