• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Денсаулық 22 Маусым, 2025

Алматыда тері күтіміне арналған шеберлік сабағы өтті

0 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Жетісу комьюнити орталығында әйелдерге арналған «SkinCare» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара бет терісіне күнделікті күтім жасаудың тиімді тәсілдерін үйретуге бағытталды. Шараға тәжірибелі косметолог Қарлығаш Темірбаева арнайы шақырылды, деп жазады Egemen.kz.

Мастер-класс барысында қатысушылар тері күтімінің негізгі кезеңдерімен, түрлі тері типтеріне сай косметикалық өнімдерді дұрыс таңдаумен танысып, маманнан практикалық кеңестер алды. Сонымен қатар, кәсіби ұсыныстар негізінде жеке сұрақтарына жауап алып, теріні сау ұстаудың жолдарын меңгерді.

— Әйелдердің өз-өзіне күтім жасау мәдениетін қалыптастыру – өте маңызды. Дұрыс күтім тек сыртқы сұлулыққа емес, жалпы денсаулыққа да тікелей әсер етеді, — деді Қарлығаш Темірбаева.

Шара сенімді әрі жылы атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Жиын соңында олар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай танымдық кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табуына ниет білдірді.