• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Тарих Бүгін, 13:30

Ғұн ұлысының ордасы

40 рет
көрсетілді

Адамзат тарихында алғаш рет көшпелі тұрмысты негіз етіп империя құрған – Ғұн ұлысы б.з.д. IV ғасырдан бастап б.з.д. 55 жылға дейін өмір сүрді. Тарихи деректерде ғұндар Хань имериясынан 100 жылға дейін алман-салық алып отырғаны айтылады. Табылған жұрт осы алғашқы Ғұн мемлекетіне тиесілі орданың жұрты. Қытай деректерінде Ғұн ордасы – Лун-Чен немесе Луут деп жазы­лып, қала қат-қабат қорғанмен қоршал­ғандығы, өте үлкен жасанды су қоймасы болғандығы жазылған, деп жазады Egemen.kz.

Археологтар арасында осы деректерде айтылған бойынша «ғұн ордасы Луут Өтукен үстіртінде орналасқан» деген болжам басым орында болып келген. Соңғы жылдары осы өңірген жүргізілген археологиялық барлау кезінде Арқанғай аймығы, Өлзит сұмын жерінен Ғұн ордасы Луут қаланың тұғыры табылды.

«Қаланың аумағы 550 х 550 метр шамасында және шаһарды айналдыра қорған тұрғызылған. Осы қорғанның дәл ортасында 250 х 210 метр өлшемде күнқағарлы ашық сарай орналасқан. Ал билеуші сарайы қорғаның оң жақ қапталында тұрған» деген пәтуа айтыпты археологиялық жұмыс тобының жетекшісі Т.Идерқанғай деген моңғол ғалымы.

Сондай-ақ қаланың оң жақ бөлігінде жазғы суқоймасының сорабы табылыпты. Бұған дәлел көне қытай жазбаларында «Ғұндар астанасы Луут қаласында зор бассейін болды» деген дерек барын жоғарыда айттық.