• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:45

Семейде автобус жүргізушісін балағаттаған ер адам қамалды

20 рет
көрсетілді

Семей қаласында Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жергілікті тұрғынды қайталанған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ер адам куәгерлердің көзінше маршрут жүргізушісін балағаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға қоғамдық көлікте №2 бағыттағы автобуста болған. Іс материалдарына сәйкес, жүргізушімен жанжал кезінде И. қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушыларға моральдық жайсыздық тудырып, қатты дауыспен балағат сөздер айтқан.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін жартылай мойындады – тек тәртіп бұзғанын растады, бірақ бұзақылық әрекеттерін мойындамады.

Алайда, сот И.-дің бұл жыл ішіндегі екінші рет тәртіп бұзғанын ескерді. Бұған дейін, 2025 жылдың 10 маусымында ол дәл осындай мінез-құлқы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Сот ұсынылған дәлелдер мен түсініктемелерді қарастырып, И.-дің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі – «Ұсақ бұзақылық, бір жыл ішінде қайталап жасалған» деп саралады. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.