• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 09:50

«Дерттің» диагнозын дәл табады

30 рет
көрсетілді

Газетке үзбей қатысып, қалам сілтеп жүр­ген журналистердің ішінде Кәрібай Мұсырманды бөле-жара айта кетсек, өзге әріптестеріміз өкпелемес.

Әрине, кіл жүйрік қызмет ететін басылым болғандықтан, әрқайсысының орны бар. Әйтсе де, Кәрібай Иманжанұлы қызметін Көк­шетауда бастағандықтан ба екен, мақалалары көзге жылыұшырап тұрады.

Алдыңғы жылы «Egemen Qazaqstan» газетінде өңірдегі бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсау мәсе­лесін түбегейлі зерттеп, «Мұн­дай­ларды бұрын бұйралап тас­тайтын» деген тақырыпта сыни, зерттеу мақала жазды. Осы ма­қала үлкен қоғам­дық пікір тудыр­ды. Кешегі кеңес заманында табаны тастан таймаған тарланбоздай ел игілігі үшін еңбек еткен аға буын бүгінгі есепсіз ысырапқа қатты таңғалып, жаға ұстағаны бар.

Кәрібай Мұсырман Сол­түстік Қазақстан облысының жердің ше­тін­де, желдің өтінде жатқан шал­ғайдағы шағын ауыл­дарының мәсе­лесін көтеріп, жариял­ады. Біздің өңір үшін бұл – өте өзекті мәселе. Көп­тің көкейінде жүрген сойылдай мәселені жазған журналист «дерттің» диагнозын дәл қойып отыр. Автордың айтуынша, мұның екінші жағы да бар. Туған тіліміз тұтқырланып, кірпігі ғана қи­мылдап жатқан шақта қаймағы бұзыл­маған оңтүстіктен бет бұрған ұлы көшпен бірге еңбек адамы ғана емес, сан ғасыр бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан әдемі дәстүр, сәулелі салт бірге келер еді. Міне, сол сәтте солтүстіктегі тыңның эпи­центрі атанған өлкенің өңі өзгеріп, қазақыланып қалар еді.

Біздікі – төл мереке қарсаңында жазғаны жанымызға жаққан жампоз журналиске деген жалпақ елдің көзқарасын жеткізу ғана. Ел барда «Egemen Qazaqstan» жасай береді.

 

Бақыт СМАҒҰЛ,

«Белсенді ұзақ өмір» орталығының директоры

 

Көкшетау