• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:30

«Қазсушар» жұмысшыларды тұрақты жұмыспен қамтып жатыр

20 рет
көрсетілді

Жыл басталғалы «Қазсушардың» 279 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылса, жуырда тағы 146 адамды тұрақты жұмысқа қабылдау көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сала министрлігінің мәліметінше аталған жұмысшыларға жаңа міндеттер жүктеліп, олар каналдар мен гидротехникалық құрылғыларды жөндеуге қатысады, су пайдаланушылармен жұмыс істейді, су тасқыны мен төтенше жағдайлар кезінде кезекшілік атқарады, сондай-ақ гидротехникалық нысандарды консервациялаумен айналысады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша бұрын маусымдық жұмысшылар жылына 6-8 ай ғана жұмыс істесе, енді барлығы тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Министрлік су шаруашылығы мамандарының еңбек жағдайын жақсарту шараларын қабылдап жатыр. Жаңа техника сатып алынып жатыр, ал қыркүйек айында «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер күшіне енеді. Осы өзгерістерге сәйкес, су саласындағы 25 000 қызметкердің жалақысы орта есеппен 35-50% өседі», деді Н.Нұржігітов.