2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығына орай 35-десанттық-шабуылдау бригадасының базасында салтанатты шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға құрметті қонақтар, ардагерлер, әскери қызметшілер және жастар қатысады.
Бағдарламада:
Салтанатты митинг;
Жауынгерлік шеберліктерді көрсету;
35-десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілерінің плацқа парашютпен қонуы;
Әскери және шығармашылық ұжымдардың концерті.
Іс-шараға сынақшы-ұшқыш, ғарышкер, Халық қаһарманы генерал-лейтенант - Талғат Мұсабаев, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасының кеңесшісі - Бейбіт Баяндин, Халық қаһарманы подполковник - Азамат Жұмаділов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Алуа Байқадамова, парашютші-спортшы, Қазақстанның және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы - Ирина Филина шақырылды.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі басшылығы және Қарулы күштер ардагерлері қатысады.
Айта кетейік, іс-шара 5 шілде күні сағат 09:00-де 32363 әскери бөлімшесінде өтеді.