• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:05

Римде болған жарылыстан 21 адам зардап шекті

30 рет
көрсетілді

Италия астанасы Римде газ құю станциясында болған күшті жарылыс салдарынан 21 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиға Пренестино ауданындағы Виа деи Гордиани көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ дерегінше, жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Куәгерлер екі бірдей жарылыстың болғанын айтады. 

Жарылысқа дейін бұл маңда жол-көлік апаты орын алғаны, яғни жүк көлігі газ құбырына соғылғаны туралы хабарланған. Бірақ осы екі оқиғаның арасында нақты байланыс бар-жоғы әзірге белгісіз. Кейбір тұрғындар оқиға орнында газдың өткір иісін сезген.

Рим полициясының комиссары Роберто Массуччидің айтуынша, жарылыс сұйытылған мұнай газының түсірілуі кезінде болған апаттан туындаған өрт салдарынан шыққан.

Жарылыстан зардап шеккендер қатарында құқық қорғау қызметкерлері мен құтқарушылар да бар. Сонымен қатар 16 бейбіт тұрғын, оның ішінде станция менеджері жарақат алған. Қазір олар әртүрлі ауруханаларда ем қабылдап жатыр.