• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:34

Қызылордада «Қазақстан Ұлттық урбан форумы – 2025» өтіп жатыр

20 рет
көрсетілді

Халықаралық форумының ашылу рәсімі Қызылордадағы «Өнер орталығында»  өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдері, еліміздің барлық өңірінен келген облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысқан форумда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті.

Бүгінде қалаларды тұрақты дамытуда экологиялық тепе-теңдікті сақтап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру басты міндеттердің біріне айналғаны даусыз. Аз жылда тұрғындар саны өскен Қызылорда қарқынды урбанизация жолына түскен, өз деңгейінде қалалық инфрақұрылым мен өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадам жасаған қала. Өңір тұрғындарының шамамен 50%-ға жуығы облыс орталығында тұрады.

«Қазір облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталады. Бүгінгі форум – қалаларды тұрғындарға қолайлы, климатқа төзімді, инклюзивті орталықтарға айналдыру жолындағы бірлескен бастамаларымызды нығайтатын алаң. Біз үшін форум – тек талқылау емес, нақты әріптестікке бастайтын жол. Осы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге серпін беріп, қалалардың болашағын қалыптастыру жолындағы ортақ мақсаттарға жетуде маңызды қадамдар жасауға ықпал етеді деп сенеміз»,  деді облыс әкімі.

Форумда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, UN-Habitat ұйымы атқарушы директорының орынбасары Рафаэль Тутс, БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжимитов сөз сөйледі.

UN-Habitat атқарушы директоры Анаклаудия Россбахтың бейнехабарламасы көрсетілді.