• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:09

Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлады

60 рет
көрсетілді

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 13 шілдеде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түнгі сағат 01:17 шамасында Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында 2016 жылғы жасөспірімнің үстіне электрлі мотоцикл құлады. Зардап шеккен жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер алаңға электрлі мотоциклді 1985 жылғы ер адамның айдап келгенін анықтады.

«Аталған оқиғаға байланысты мотоцикл жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізілді. Сараптаманың қорытындысымен ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Мотоцикл жүргізушісі жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.