Жасы 18-ге толған әр азаматтың әскерге барып, Отанға адал қызмет етуі – азаматтық парызы. Бұл орайда, Қонаев қаласының жастары аса белсенділік танытып келеді. Жуырда қалада өткен «Aspan Fest» ашық аспан астындағы концерт барысында Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков ҚР ҚК-де мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған қала жастарына шаһар басшысының Алғыс хаттарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар былтырғы жылғы көктемгі шақыру науқаны бойынша Отан алдындағы борышын өткеріп, жоғары жауынгерлік дайындық көрсетіп, еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін «Көктем – 2024» мемлекеттік грант иегері атанды.
Оларды атар болсақ, Досымбек Бекжан Ақылбекұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Наширбай Жасұлан Азаматұлы – Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT университеті, Медведик Владик Игоревич – Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Разумов Александр Юрьевич – Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Рудзинский Даниил Юрьевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Болатов Данияр Қанатұлы – Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты, Сәуірбай Абылай Азаматұлы – Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты және Умаров Еламан Наурызбайұлы – Алматы технологиялық университеті.
Бұл марапат — жас сарбаздардың ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Қала басшылығы болашақ офицерлер мен мамандарға сәттілік тілеп, олардың білім мен еңбек жолында табысты болуына сенім білдірді.
Алматы облысы