• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 16:00

Қарағанды облысында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалды

20 рет
көрсетілді

Кеше Долинка кентінінің жайылымында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалған. Қырылған ұсақ мал Абай ауданы Жартас ауылының фермеріне тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Абай ауданының ветеринар мамандары жайылымға келіп, өлекселерді мал қорымына тасып, жайылымды дезинфекциялаған. Мамандардың айтуынша, барлық қой-ешкі уақытында вакцина алған. Әзірге уланған деген болжам жасап отыр. Қазіргі уақытта сараптамалық-талдаудан өтіп, тексеріс жүріп жатыр.