• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:31

АМӨЗ-де иіс шығаратын мұнайтұтқыш нысан жойылды

90 рет
көрсетілді

Атырау мұнай өңдеу зауыты табиғатты қорғау шаралары аясында қоршаған ортаға әсер ететін ашық көздің бірі – РЕКС мұнайтұтқыш нысанын жою жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зауыт баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 1945 жылы пайдалануға берілген нысанның аумағы – 1 000 шаршы метр. Ал жобалық көлемі 6 233 текше метрді құраған.

«Былтыр қазан айында мұнайтұтқыш нысанын босату жұмыстары басталды. Содан бері 7 100 тонна қалдық шығарылды. Биыл сәуір айында нысан толықтай жойылды. Бұл жоба Атырау мұнай өңдеу зауытының тұрақты даму қағидаттары аясында қоршаған ортаға экологиялық әсерді азайту, өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралардың бірі ретінде қолға алынды», деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта мұнайтұтқыш нысанының орнына буферлік сыйымдылық пен шағын конденсаттық станса салу жоспарланып отыр. Жаңа нысандарда штаттан тыс жағдайлар кезінде ағынды су жіберіліп, уақытша сақталады.

«Зауыттың аумағында 2023 жылы Tazalyq экологиялық жобасы аясында жүргізілген механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту кезінде 5 ашық тоған жойылған еді. Алтыншы бассейн – апаттық қамбаның беті аспалы құрылғымен жабылды, деп мәлімдеді зауыттың баспасөз қызметінен.