• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 10:33

«10,5 м² төрт адамға жеткілікті» - Петропавл әкімдігі

50 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ананың 2007 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанына қарамастан, әкімдіктің тарапынан баспана алуға мүмкіндігі болмаған. Негізгі себеп – кезінде мұраға қалған үйдің үлесін көршісіне сыйға тартқаны. Алайда бұл мәселеге араласқан сот әйелдің құқығын қорғап, әділ шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйел бұған дейін мемлекеттік қызметші ретінде тұрғын үй алу кезегіне тіркелген. Уақыт өте келе ата-анасынан Солтүстік Қазақстан облысы, Ольшанка ауылындағы жеке тұрғын үйдің төрттен бір бөлігі мұраға қалған. Аталған үлестің жалпы ауданы 20 шаршы метрден сәл асса, оның тек 10,5 шаршы метрі ғана – тұрғын алаңы. 2023 жылы әйел бұл үлесті көршісіне сыйға берген.

2024 жылы ол жергілікті атқарушы органдардың кезек арқылы несиеге үй беру бағдарламасы аясында Петропавл қаласынан пәтер алуға мүмкіндік алған. Алайда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартты. Уәж ретінде – әйел бұрын иелік еткен баспананың адам тұруға әбден жарамды екенін алға тартқан.

Жоғарғы сот бұл іске араласып, мәселені қайта қарады. Сот органының мәліметінше, әйел иелік еткен үлес «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңында көрсетілген санитарлық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін болып шықты. Аталған заңға сәйкес, әр адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі болуы тиіс. Бұған қоса, әйелдің балалары ұл мен қыз болғандықтан, олардың әрқайсысының жеке кеңістігі заңмен қорғалуы тиіс екенін дәлелдеді.

«Сот талапкердің уәжін негізді деп танып, тұрғын үй бағдарламасына қатысушы ретінде ТКШ бөлімімен сатып алу-сату шартын жасасуға міндеттеді. Шешім заңды күшіне енді», деп хабарлады Жоғарғы сот.