• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект Бүгін, 11:09

Илон Маск балаларға арналған ЖИ жасамақ

20 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең ауқатты адам әрі технологиялық жаңашыл Илон Маск балаларға бейімделген жасанды интеллект жасауды қолға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз балаларға ыңғайлы Baby Grok қосымшасын жасауды қолға аламыз», деді миллиардер қысқа ғана жазбасында.

Алайда Маск бұл жобаның нақты қандай мақсатта жасалатыны, балаларға қалай көмектесетіні және қашан іске қосылатыны жөнінде қосымша мәлімет берген жоқ. Қазірше Baby Grok туралы белгілісі – оның атауы ғана.

Илон Маскқа тиесілі xAI компаниясы жуырда ғана Grok 4 атты жасанды интеллект чат-ботын іске қосқан еді. Бұған дейінгі нұсқалары бірнеше ай бұрын ғана жарияланған. Осыдан-ақ компанияның ЖИ технологиясын дамытуды аса жоғары қарқынмен жүргізіп жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, Grok чат-боты X платформасымен тығыз ықпалдастықта жұмыс істейді. Алайда Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, осы бот арқылы антисемиттік сипаттағы кейбір жазбалар жарияланған. Бұл жағдай қоғамда сын туғызып, компанияның имиджіне теріс әсер еткен.

Дегенмен, Илон Масктың жаңа бастамасы – Baby Grok – балалар мен жасөспірімдерге арналған қауіпсіз, бейімделген жасанды интеллект құралы ретінде жасалуы мүмкін. Әзірге нақты мәліметтер аз болғанымен, бұл жоба ЖИ саласындағы қызықты әрі тың бағыттардың бірі болары анық.