• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:37

Сенаторлар Қызылорда облысындағы әлеуметтік жобалармен танысты

30 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов жұмыс сапарымен Қармақшы және Қазалы аудандарына барып, аймақта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың барысымен танысты. Тұрғындармен кездесулер барысында өңір үшін маңызды мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар Қармақшы ауданында  Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдарындағы газ тарту жұмыстарының жай-күйін бақылап, бұл жобалар ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Олар шалғайдағы елді мекендер негізгі инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілуі қажет екенін айтты.

Сонымен қатар сапар аясында сенаторлар күріш өңдеуге маманданған «Жаңажол» ЖШС-де болып, ондағы технологиялық үдеріс, еңбек жағдайы және өндіріс көрсеткіштерімен танысты. Аталған кәсіпорынның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы рөлі ерекше аталды.

Қазалы ауданында депутаттар Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен танысты. Бұрын тоқтап қалған нысан құрылысы қайта жанданып, қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.

Сапар барысында мәдени мұраны сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Сенаторлар Жанкент ауылында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш маңында жергілікті халықпен, мәдениет және білім саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында туризмді дамыту, нысанды қайта жаңғырту және ішкі туристік маршруттарға қосу қажеттілігі талқыланды.

«Қармақшы және Қазалы аудандарының тарихи және мәдени әлеуеті зор. Бірақ адам және оның күнделікті қажеттілігі, инфрақұрылымға қол жетімділік, ертеңгі күнге деген сенімі әрқашан біздің назарымызда. Ауылдарды дамыту, газбен, сумен, жолмен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді дәл осы мақсатта жүйелі түрде көтере береміз», деді сенатор Руслан Рүстемов.