• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Полиция Қытайдан оралған азаматпен профилактикалық әңгіме өткізді

20 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері жақында Қытай Халық Республикасынан оралған қазақстандық азаматпен алдын алу және түсіндіру бағытындағы әңгіме жүргізді. Бұл шара әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнероликтерге байланысты қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.

Желіде тараған бейнелердің бірінде ол азамат серігінің қалтасынан ұялы телефонды алып, оны көшеде өтіп бара жатқан Қытай азаматтарының біріне береді. Кейін телефон жоғалды деп, сол адамды айыптаған сәті көрсетілген.

Тағы бір видеода ол бейтаныс ер адамдарға жақындап, қолы мен аяғынан ұстаған. Бұл әрекеттер көшедегі және метро станцияларындағы адамдардың үрейі мен түсінбеушілігін тудырған.

Түсіндіру жұмыстары кезінде қыз болған оқиғаға өкініш білдіріп, келесідей түсініктеме берді: «Менің видеом ешкімді ренжіту мақсатында түсірілмеген. Бұл – ойланып жасалмаған, асығыс жарияланған материал. Егер бейнежазбам біреуге жағымсыз әсер еткен болса, кешірім сұраймын. Енді контент жариялауда мұқият болуға тырысамын», – деді ол.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде қандай да бір материал жариялау кезінде отандастарға да, шет мемлекет азаматтарына да құрметпен қараудың маңыздылығын еске салады. Мұндай әрекеттер арандатушылық ретінде қабылданып, қоғам тарапынан теріс реакция туғызуы мүмкін.

Сондай-ақ, шетелде жүрген әрбір азамат сол елдің қоғамдық тәртіп ережелері мен заңдарын, мәдениеті мен мінез-құлық нормаларын құрметтеуге міндетті. Бұл талаптарды бұзу сол елдің заңнамасы аясында жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін.