Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Ұлттық құрама тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үшінші орын үшін Франция құрамасымен кездескен отандастарымыз 45:31 көрсеткішімен жеңді.
Осылайша, семсерлесуден әлем чемпионатының командалық жарысында Қазақстан алғаш рет жүлдегер атанды.
Командалық сайыста ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қорғады.