• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Шілде, 2025

Өскеменде терезе жуамын деп бесінші қабаттан құлаған әже көз жұмды

50 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында бесінші қабатта тұратын 83 жастағы әже терезе жуамын деп құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 30 шілде күні қаладағы Алматы көшесінде болған.

– Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде қауіпсіздікті сақтамаған. Соның салдарынан құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қалалық Прокуратураның мәліметінше, былтыр Өскеменде 4 адам терезеден құлап кетсе, биыл мұндай 7 оқиға тіркелген. Оның үшеуінде көз жұмғандар – балалар.

Осы ретте, тәртіп сақшылары халыққа қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар