Ересектерге қазақ тілін үйретуге арналған курсқа өтініштер 4-20 тамыз аралығында қабылданады, деп жазады Egemen.kz.
4 айға созылатын курс офлайн форматта өтеді. 2 қыркүйек күні басталады. Ал сабақ аптасына 3 рет болады. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет бойынша тіркелуге болады.
Қосымша ақпараттар үшін:
Жұмыс: +7 (7172) 24-90-52;
Ұялы: +7 (707) 797-71-43 нөмерлері арқылы байланысуға болады.