• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм Кеше

Қызылордада шетелдік туристерге туркарталар таратылды

30 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өңірге келген шетелдіктерге «Safetravel.kz» мобильді сайтының мүмкіндігін таныстырып жүр, деп жазады Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен елімізде шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың ел аумағында еркін әрі қауіпсіз жүруіне жағдай жасау үшін іске қосылған туркарталардың QR коды бар. 

«Департаменттің көші-қон қызметі басқармасы өңірге келген шетелдіктерге тарататын туристік карталарда шұғыл байланыс, қауіпсіздік ережелері, мемлекеттік қызмет алу тәсілдері көрсетілген. Туркарталар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдіктерге қызмет көрсету барысында таратылып, сайтпен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі», дейді полиция қызметкерлері.