• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:26

Екібастұзда жұмысшы тоқ соғып мерт болды

30 рет
көрсетілді

Екібастұзда локомотив машинисі тоқ соғып көз жұмды. Жазатайым оқиға 5 тамыз күні темір жол стансасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ақпарат жергілікті Instagram парақшаларының бірінде пайда болды.

Ақпаратта локомотив машинисі электр тогының соғуынан мерт болғаны айтылады. Оқиға орнына жедел қызметтер шұғыл түрде барған.

Қайғылы оқиғаны еңбек инспекторлары растады.

- Кісі өліміне соқтырған қайғылы жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның қалай өрбігенін, себеп-салдарын анықтайтын боламыз,-деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Өңірлік жедел жәрдем стансасы аталған оқиға бойынша жедел жәрдемге шақырту түспегенін мәлім етті. Ал полиция тексеру іс-шараларымен еңбек инспекторлары айналысып жатқанын жеткізді.