• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Атырауда 20 кәсіпкер әлеуметтік азық-түліктер бағасын негізсіз өсірген

120 рет
көрсетілді

Атырау облысында арнайы комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру үшін мониторинг жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиевтің пікірінше, басты мақсат – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

«Жыл басынан бері делдалдық қызмет бойынша құрылған комиссияның мүшелері кәсіпкерлік субъектілеріне азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді. Заңдылыққа сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосылатын үстеме 15 пайыздан аспауы қажет. Алайда, аталған азық-түліктерді 15 пайыздан артық үстеме бағамен тасымалдаған 20 көтерме жеткізуші анықталды. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес айыппұл салынды», дейді Ризабек Мұсағалиев.