Елорда тұрғындарын жаппай электр жарығын өшіру күтіп тұр. "Астана-РЭК" компаниясы қаланың екі бірдей ауданында – Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарында жарық уақытша ажыратылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz тілшісі.
Жарықсыз қалу мерзімі орналасқан аумаққа байланысты әртүрлі – 2 күннен 34 күнге дейін созылады. Жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіледі.
Байқоңыр ауданы
• 24 шілде – 13 тамыз (15 күн), сағат 10:00–17:30 аралығы: Оңдiрiс, Сарыжайлау көшелері, 36, 34 үйлер, Теректы тұйығы, Ақбидай, Бейнеу, Сүгір Алыұлы көшелері, Гүлзар тұйығы.• 28 шілде – 13 тамыз (13 күн), сағат 10:00–17:30: Ақсу-Жабағылы және Көкше Кеменгерұлы көшелері.• 28 шілде – 13 тамыз, күніне екі қысқа уақыт аралығы – сағат 9:30–10:00 және 17:00–17:30: Мусоргский, Киелысай, Бестау тұйығы, Шортанды, Аршалы тұйығы, Ынтымақ көшелері.• 8 – 29 тамыз (16 күн), сағат 10:00–17:30: Крылов және Теңіз тұйық көшелері, Жетісай, Сусамыр көшелері.
Сарыарқа ауданы
• 15 шілде – 29 тамыз (34 күн), сағат 9:30–18:00: Абат-Байтақ, Оғыланды, Өкжетпес, Күләш Байсейтова, Шара Бейсекова, Нұрмұхамбет Қожахметов, Сұлтанбек Қажахметов, Мұса Жәлел көшелері, Жарсуат тұйығы, Шақпақ, Фахд бен Абдул Азиз, Ақан сері, Гагарин, Дулатов көшелері.• 4 – 29 тамыз (20 күн), сағат 9:30–18:00: Юбилейная, Медеу, Аспара, Катонқарағай, Тобыл, Чехов, Орда көшелері.• 7 – 13 тамыз (5 күн), сағат 9:30–17:30: Қызылсу, Суворов, Дулатов көшелері.• 7 – 8 тамыз (2 күн), сағат 9:00–17:00: Молдағұлова және Найзақара көшелері.
Тұрғындарға жарық сөнуіне алдын ала дайындалу ұсынылады: гаджеттерді толығымен қуаттап қою, электр құралдарын қосулы күйде қалдырмау және қажет болған жағдайда жылжымалы жарық көздерін (шам, пауэрбанк және т.б.) дайындап қою.