Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның қорғаушысы үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Қылмыс құрамының болмауына байланысты үкімнің күшін жоюды және қорғауымдағы тұлғаларды толық ақтауды сұрадым. Сол себепті де апеляциялық шағым түсірдім», деді адвокат.
Қазіргі уақытта шағымның қашан қаралатыны белгісіз.
Еске салсақ, сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Олар жазаларын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.