• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2025

Атырауда мұғалімдерге 11 млн теңгеден астам өтемақы төленді

250 рет
көрсетілді

Атырау қалалық прокуратурасы мектептерде ұжымдық шарттың орындалуына талдау жүргізу барысында 80-нен астам педагогтің конституциялық құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Талдау нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында зейнет жасына жеткен қызметкерлерге алдын ала хабардар етіп, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу қарастырылғаны анықталды. Алайда бірқатар мектептер мен балабақшаларда бұл талап орындалмаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 80-нен астам мұғалімге 11 млн теңгеден асатын өтемақы төленіп, қызметкерлердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Осыған байланысты 33 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.